Мемлекеттік тіл

                                                                                          БЕКІТЕМІН:

                                                                                Мектеп директоры________А. Қабдулинова

2019ж. 12-22 ақпан аралығындағы

«Үштілділік болашаққа сенімді қадам!»

декада іс-шарасының

ЖОСПАРЫ

 

Мектеп Жұмыстың мазмұны Өткізу түрі Өткізу күні Жауаптылар
 

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№21 негізгі жалпы білім беретін мектебі» ММ

Декаданың ашылуы «Үштілділік болашаққа сенімді қадам!» Салтанатты жиын 12.02 директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Зайцева Б.Т.
ЖМЦ сабақтарында үштілділікті енгізуді іске асыру Физика сабағы

«Давление твердых тел»

7 сынып

13.02 Кисикова Қ.У.

(үштілділік бойынша курстан өтті)

«English club»   Викторина

5-6 сыныптар

14.02 Середенко Е.В.
«English in action» Лингвистикалық

ойын

7-8 сыныптар

15.02 Худайбердина Ж.Р.
«Көпмәдениетті адам-табысты тұлға жолы» Дөңгелек үстел

7-9 сыныптар

18.02 директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Щеглова Н.М.
«Тіл – рухани жан дүние. Көп тіл білу мін емес»

 

Үш тілде жаңа әдебиеттер көрмесі 19.02 кітапханашы

Зуенко М.В.

 

«Үштілділік- заман талабы» Қарым-қатынас сағаты 20.02 қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Шипин М.М.
«Үш тұғырлы тіл саясаты»  Тіл білімі бойынша конкурс

5-9 сыныптар

21.02 Сулейменова Л.М.

Середенко Е.В.

Тарова Г.Г.

Декаданың қорытындысы Декаданың салтанатты жабылуы 22.02 директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Зайцева Б.Т. директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Щеглова Н.М.

 

2018-2019 оқу жылында үштілділік оқытуды енгізуді

іске асыру бойынша

мектеп жұмысына талдау 

 

 2018-2019 оқу жылында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №21 негізгі жалпы білім беретін мектебі» ММ-нде педагогикалық ұжым көптілді білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастырды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, 2014 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» бұйрығына толықтырулар енгізу туралы №455 бұйрық, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар. Үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы негізінде үштілділік білім берудің Жол картасын іске асыру жоспары жасалды және бекітілді, оның мақсаты мектептің оқу-тәрбие кеңістігінде үштілді білім беру ортасын енгізу және дамыту – мемлекеттік және ағылшын тілдерін кәсіби білім беру және тәрбие қызметіне біріктіру арқылы қолдану аясын кеңейту болып табылады.   

Үш тілді білім берудің негізгі мақсаты үш тілді меңгерген, осы тілдердегі пәндік салаларды білетін, түрлі қызмет салалары бойынша диалогты табысты жүргізе білетін, өз халқының мәдениетін бағалай білетін және басқа халықтардың мәдениетін құрметтейтін түлектің көптілді тұлғасын қалыптастыру.

– білім алушыларда коммуникативтік қызметте мемлекеттік және ағылшын тілдерін қолданудың практикалық дағдыларын дамыту;

– үш тілді білім беру үшін педагогикалық кадрларды курстық даярлауды ұйымдастыру.

2017-2018 оқу жылында билингвалды курстарда биология мұғалімі Бузмакова И.А., физика және математика мұғалімі Кисикова Қ.У. оқыды, ағылшын тілі мұғалімі Середенко Е.В. ағылшын тілі бойынша «Ағылшын тілін оқытудың коммуникативтік әдістемелеріне оқыту» білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде тілдік құзыреттілік оқытудан өтті.

2018-2019 оқу жылында мектеп сайтында барлық ақпарат үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) жүргізіледі, бұл үштілділік саясатын жүзеге асыру индикаторларының бірі болып табылады.

Үштілділік мәселесі мектептің 2019 жылғы 3 қаңтарындағы педагогикалық кеңес отырысының №3 хаттамасында «Үш тілді оқытуды енгізу – жаңа заманауи сапа мен педагогикалық үдерістің жоғары тиімділігіне қол жеткізу құралы ретінде» тақырыбы қарастырылды.

    Мұғалімдер назарына ағылшын тілі мұғалімі Е.В. Середенконың «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдерінің бірі ретінде көптілді компонентті қолдану», қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі М.М. Шипиннің «Ойын технологиясы – оқушылардың сөздік қорын байыту құралы» туралы сөз сөйлеуі ұсынылды.

Мектепте педагогтарға және мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі мен ағылшын тілін оқыту бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

2019 жылдың 12-22 ақпан аралығында «Үш тұғырлы тіл – болашаққа нық қадам» атты онкүндік өтті, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: онкүндікті салтанатты жиында мектеп оқушылары орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды, 2019 жылдың 13 ақпанында физика пәнінің мұғалімі Кисикова Қ.У. «Қатты денелердің қысымы» тақырыбына ашық сабақ өткізді, сабақта 7-9 сынып оқушылары үшін пәндік терминдерді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі көрсетілді, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Щеглова Н.М. «Көпмәдениетті адам – табысты тұлға жолы» атты дөңгелек үстел өткізді. Мектеп кітапханашысы Зуенко М.В. көп тілді білу тақырыбына анықтамалық әдебиет көрмесін дайындады, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Шипин М.М. оқушыларға арналған «Үштілділік заман талабы» қарым-қатынас сағатын өткізді, мұғалімдер Сулейменова Л.М., Середенко Е.В., Тарова Г.Г. тіл білімі бойынша 5-9 сынып оқушыларына арналған «Үш тұғырлы тіл саясаты» конкурсын өткізді, декада шеңберінде ағылшын тілі мұғалімі Худайбердина Ж.Р. «English in action» лингвистикалық ойынын өткізді.

Мектеп педагогтары педагогикалық шеберлік байқауларына белсенді қатысады.  2019 жылдың қараша айында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Кудряшова Татьяна Александровна «Үздік көптілді педагог» қалалық байқауына қатысып, «Кәсіпқойлық қырлары» номинациясымен марапатталды.

Мектеп іс-шараларын: пәндік апталар, әдістемелік күндер, сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кезінде мұғалімдер үш тілді қолданады, оқу қызметін ұйымдастыру кезінде сабақтарда пәндік терминологияны белсенді енгізеді, қазақ, ағылшын тілдерінде сөздерді бірнеше рет қайталауды жүргізеді. Осы бағытта келесі мұғалімдер Кисикова Қ.У., Середенко Е.В., Кудряшова Т.А., Юсупбекова А.А. жақсы жұмыс атқарғанын атап өткім келеді.

 

Орынд. директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Зайцева Б.Т.

 

2018-2019 оқу жылының 10-14 желтоқсан  аралығындағы өткен

«Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі» атты апталықтың өтілуі жайлы анықтама

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай   10 желтоқсан мен 14 желтоқсан  аралығында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына арналған жоспар құрылды. Апталық аясында бірнеше ашық сабақтар, іс – шаралар ұйымдастырылды.  10 желтоқсан күні  апталықтың ашылу салтанаты болды. Апталықты 8 «А» сынып оқушылары Ганаев Тимур, Сертаев Дияр, Хохрякова Анна және Кенжетаева Жанна театрланған көрініс түрінде ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. Мерекенің алдында апталықтың ақпараттық бұрышы әзірленіп, ілінді. Осы күні Тәуелсіздік күніне арналған  «Менің Тәуелсіз ҚАЗАҚСТАНЫМ»  атты танымдық үзілістер өткізілді.

Кульмухамедова Айжан Баяновна  «Мен және менің мектебім» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұнына сай жасалған. Сабақта мұғалім бейнепроектр, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды.  Сабақ жоғары  деңгейде өтті.

Апталықтың екінші күні Шинибекова Г.С. 5 «Б» сыныбында «Кітап – бағалы сыйлық» атты ашық сабағын өткізді. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта  тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу әрекетінің дағдылары  қолданылды. Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында сергіту сәті өткізілді. Сабақта ақпараттық коммуникативтік технологиялар  қолданылды. Бұл  технологиялар сабақта оқушыларға жоспарланған жұмыстардың үлкен көлемін орындауға мүмкіндік берді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады.

Осы күні үзіліс кезінде оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін көрсету үшін  заманауи әншілердің  «Музыкалық үзілісте» караоке айтты.

Үшінші күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхаметқали Мырзағалиевич  6 «А» сыныбында «Еліміздегі қорықтар» атты ашық сабақ өткізді. Мұғалім алдында маңызды міндет тұрды — ойын технологиясының элементтерін қолдана отырып, балаларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Сабақта әр түрлі жұмыс түрлері,  қызықты тапсырмалар, мол көрнекі материалдар қолданылды,  берілген тапсырмалар оқушылардың  жас ерекшеліктерін  ескеріліп алынды.

Бұл күні үзіліс кезінде МДС тәрбиеленушілері мен 1-9 сынып оқушылары үшін «Балалардың денсаулығы — ұлт саулығы» тақырыбы атты  дене шынықтыру үзілісі өткізілді. Бұл жерде  оқушылар, тәрбиеленушілер   «Тоғыз құмалақ», «Қыз қуу», «Арқан тарту» атты ұлттық ойындарын ойнады. Балалар қазақтың ұлттық ойындарын қызыға ойнап, жарысты. Ойын жеңімпаздары тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Шинибекова Г.С. және Кульмухамедова А. Б. оқушыларға туған елдің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру,  өз елінің әрбір азаматы үшін қасиетті рәміздерге деген құрмет пен ерекше қарым-қатынас көрсету  мақсатында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс — шара екі команда арасында жарыс — викторина түрінде өткізілді. Оқушылар бір жұмыс түрінен екінші жұмыс түріне белсенді қатысып отырды.  Қатысушылар мен көрермендер үшін МДС тәрбиеленушілері Уразалиева Аделя, Умарова Жанна , 4 «А» сынып оқушысы Головащенко Алиса  «Расцветай, мой Казахстан!» атты әнін орындады.

Апта шеңберінде 13.12.2018ж.  Сулейменова Л. М. 8″А» сыныбында  «Су-тіршілік көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Бұл күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп қабырғасында «Жүректен –жүрекке» атты тілектер лентасы болды. Тілектер лентасында оқушылар мен мұғалімдер елімізге жылы лебіздерін білдірді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шипин М. М. және Сулейменова Л. М. сыныптан  «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты іс – шара өткізді. Бұл іс-шараның өткізу мақсаты оқушылар мен мұғалімдердің танымдық іс-әрекетін жандандыру, командада жұмыс істей білуге, қарсыласты құрметтеуге тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болып табылды. Ойынға екі команда: мұғалімдер және мектеп оқушылары қатысты, олар схеманы пайдалана отырып, сұрақ тақырыбын және оның құнын таңдап отырып, сұрақтарға жауап беріп отырды. Сұрақтар Қазақстан тарихы және қазақ тілі пәндері бойынша құрастырылды. Оқушылар ойынға әуестеніп, белсенділік танытты, қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері бойынша  білімдерін  көрсете білді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханашысы Зуенко Марина Владимировна  кітапханада «Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы «ЕЛІМІЗДІҢ ЕРКІНДІГІ-ТӘУЕЛСІЗДІК» шығармашылық көрмесімен аяқталды.

Қорытынды:

— жоспарланған барлық іс-шаралар жақсы әдістемелік және эстетикалық деңгейде өткізілді;

– пән мұғалімдері апта дайындығына жауапкершілікпен қарады;

— іс-шаралар әртүрлі, тәрбиелік және дамытушылық сипатқа ие;

— белсенділік танытты.

Апталық  қорытындысы бойынша белсене қатысқан оқушылар  8 «А» сынып оқушылары Д. Сертаев, Т. Ганаев, А. Хохрякова, Ж. Кенжетаева  Мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

 Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі неде?

 «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.  Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан. 

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді. «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды.

Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ  әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда сөйлеген сөзінде: «… ең бастысы — қазақ тіліне жаңғыртуға жағдай туғызады», — деген болатын. .

Шынында да, әліпби ауыстырудың саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу саласында да реформа (қайта қарау) жасау қажеттігін талап етеді. Яғни кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле-ережелері де қапталдай жарыса кедергі келтіруін қоймайды. Себебі біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей еркін меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәрежеге жеттік. Екі тілдің әріптері де бірдей болғандықтан орыс тіліндегі сөздер де ешқандай кедергісіз ене береді.

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.

Білім саласының маманы және латын әліпбиіне көшу жөніндегі комиссия мүшесі ретінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдаймын. Себебі, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Балаларымыз да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін болады.

Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Латын қарпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.

Қазіргі таңдағы жаңартылған мазмұнындағы білім беруде, үштілді білім беру жүйесінің дамуында, үштілділікте ақпараттарға балалардың қолжетімділігін арттыруда ұсынылған  латын әліпбиінің берері зор, мен бұл процессті қолдаймын. Себебі, Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.

Латын алфавитін енгізу – елімздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз  қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық.

Қараша (2019)
M T W T F S S
« Feb    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930